Шортанбай және Абай
Өзінен бұрынғы майталман шешен, арналы ақындар мұрасын молынан игерген Шортанбай Абайға дейінгі қазақ поэзиясының асқар бір шыңына айналды. Ресей отаршылдығы қазақ халқының басына кигізген тауқыметінен азып-тозып бара жатқан ел қамын ойлап, жаны шырқыраған оның поэзиясына соқпай кеткен де, кетер де ақын болмаған, болмас та.
(Тағдыр мен ой үндестігі)

Көзінің тірісінде отаршылдарға арқа сүйеген би-болысты қатты түйрегені үшін талайларға ұнамаған, «әділетшіл», «кедейшіл» деп келген совет дәуірінде де өресіз басшылардың көңіл қонбады. Бірақ сондай асау да асқар тұлға Абайдың назарынан тыс қалмаған. Кешегі Шортанбайдың атқосшысы Әбеудің, жыршы Анарбектің айтуына қарағанда, ақын өзінің досы осы Жанғұтты, Ағыбай, Құнанбай, Байсейіт, Дүйсенбаймен араласып, ерекше сыйласқан....