Алтын жүзікті қыз
Ертеде бір ханның екі қызы, бір ұлы болыпты. Үлкен қызы жаннан асқан сұлу екен. Күндердің бір күнінде қыз қолындағы алтын жүзігін жоғалтып алыпты. Әкесі: «Кімде-кім қызымның алтын жүзігін тауып берсе, қызымды соған беремін», – деп, ел-елге жар салыпты. Қызды аламыз деп дәме қылған адамдардың ешқайсысы да жүзікті іздеп таба алмапты. Хан жарлығын естімеген баласы білмей, қорадан тауып алған жүзігін әкесіне әкеп беріпті.