Халықтың маңдайы, тарихтың таңдайы
Мұхаңмен өкшелес інілері, дәрісін тыңдаған шәкірттері, кейін ғылым, өнер салаларына ұлы ұстаз батасымен аттанғандар осы мереке қарсаңында, Мұхаңның өз тілімен айтқанда, «барын салды». Құдайға шүкір, Мұхаң жайлы ғылыми-зерттеу, мемуарлар аралас ірілі-уақты 50-ге тарта еңбектер жарық көрді. О, заман-ай... Солардың ішінде Мұхаңа өмір бойы ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеп, жоба көрсетіп келген «жансебілдердің» де осы күнге дейін арамызда жүргені қандай ғанибет десеңізші?! Жасыратыны жоқ, осындайда Мұхаңа да ренжисің. «Мына бір дүниені пәленшенің ақылымен жазып едім» — деп, тым болмаса не ауызша, не жазбаша із қалдырмай кеткені қандай өкінішті деп сан соғасың. Кейде «япыр-ай, анадай ақылмен біздерге сонша сараңдылық жасамай, анда-санда қол ұшын...