Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.