12 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек батысы мен солтүстігінде фронталды бөліктердің ықпалынан – қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) болады. Ел бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.