Сағындым сені, KZ
Университет бітірген соң жұмысты бір жыл іздедім. Дұрысы өзім іздеген жоқпын әкем іздеді. Оқуды жаңа бітірген, оң-солын танымайтын мен сияқты кішкентай ғана түйіршікті кім көзіне іле қойсын. Сондықтан үйде отырып әкемнің әкелетін жаңалығын күттім. Екі ай дегенде хабар жетті. Әдеттегідей үйге асығыс кірген әкем жаңалығын қысқа қайырды.
— Қыркүйектің жиырмасында мектепке жұмысқа шығасың.
— Неге мен бірінші қыркүйек күні бармаймын? — деп шар ете қалдым. Шынында қалыпты мектептерде солай ғой. Жаратылысынан сөзге сараң әкем бұл жолы да көп сөйлемеді.
— Құжаттарыңды апарып өткіз. Жаңадан ашылған мектеп.
Әкемнің сөзі талқыланбайды, артық сұрақ қою бос әурешілік. Үндемей мекен-жай жазылған бір тілім қағазды...