Киікті ысқырып атқан, жауын оятып шапқан
Кейде бағзыдан жеткен бірлі жарым сөздің өзінен аталарымыздың қай істе қандай ұстанымда болғанын жəне болмыс, танымын біле беруге болады.
Мысалы, «ысқырып атқан киіктің обалы жоқ» дейді. Қадірін білген адамға осы сөз ұлы қазына. Бұл бізге бабаларымыздың биік парасатын көрсетіп тұрған бір белгі. Алла адам үшін жаратқан соң киік несібе болады. Қажеттіліктен аулайды. Ғажап, сөйте тұра «ысқырып ат» дейді. Киікке де берілген бір мүмкіндік. Қапы кетпеуі тиіс. Өйтсе «обал болады» дейді ұлы далалық заң.
Техниканың күшімен түз тағыларын қорлау, оны мақтанып әлеуметтік желіге шығару надандық. Әсіресе, үйдей джиптермен қасқырды белден мыжып қаңқылдатып жатқан қазақтарды көргенде төбе шашың тік тұрады. «Иттің иесі...