Ақмолада карантин режимін бұзғандар 27 млн теңге айыппұл төледі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үй карантинін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 522 әкімшілік айыппұл салынды, оның жалпы сомасы 27,6 миллион теңгеден асады. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.