4 ақпан күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 ақпан күні ҚР территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады. Республика бойынша жекелеген аймақтарда тұман және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.