Астанада Орталық Азиядағы босқындар ағымы мен оларды қорғау мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Орталық Азиядағы еңбек көші-қонының мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» тақырыбында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесі бойынша жоғарғы лауазымды тұлғалардың екінші кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.