Күшіміз-бірлікте!
«Бірлік бар жерде-тірлік бар» деген сөзінің мәнін тереңірек ұғынған сияқтымыз.
Қаралы қаңтар оқиғасы барлығымызды селт еткені рас. «Күшіміз бірлікте» ұранын ұстанып, бұл күндерді де артта қалдырдық. Осы жағдайдан кейін ата-бабаларымыздың «Бірлік бар жерде-тірлік бар» деген сөзінің мәнін тереңірек ұғынған сияқтымыз.
Тарихтың қай кезеңінде болмасын бірлік деген ұғым әрдайым маңызды болғанын көреміз. Бірліксіз ешкімнің де, ешбір елдің де ешқашан асығы алшасынан түспеген. Адамзат өмірі туғаннан бастап күрес, бірақ бірлескен күш-жігер, өзара ілтипат, бауырмалдық пен достық деген киелі түсініктер ерлікке де, жеңіске де, сән-салтанатқа да, мәңгілікке де бастайды.
«Бірлескен бітіреді, ұйымдасқан ұтады» десек, тәуелсіз қазақ елінің көк байрағы желбіреп, әлемдік сахнада Азияның барысы іспетті нық қадам басып келуі-бірлік мәнін терең...