Қызылордада 72 жастағы қария екі аптадан бері табылмай жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 72 жастағы әйел екі аптадан бері табылмай жатыр. Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.