Шоқан Уалиханов-публицист. Шоқан мен Достоевскийдің хаттары хақында
«Ғалыммен дос болсаң — ақылың артар, залыммен дос болсаң — басың қатар»,-дегендей, әңгіменің түп-төркіні қайда жатқанын түсінген боларсыздар. Ендеше, аса көрнекті ғалым, Еуропа-Азия арасындағы сахараның байлық пен мәдениет көзін ашқан саяхатшы, ұлтымыздың әдет-ғұрпын ұрпаққа ұластырған этнограф, туған топырағы мен халқы үшін қажеттіліктің тамыр-тұлғасын тапқан тарихшы, көркем сөздің зергері, дарынды қалам қайраткері, он қолынан өнер тамған, қазақтан шыққан тұңғыш суретші, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы— Шоқан Уалихановтың, орыстың телегей-теңіз білім иесі М.Ф.Достоевскиймен достығы және арадағы хаттары жайлы сөз қозғамақпын.
Өздеріңіз білетіндей Шоқан өзгелерден ерекше көзге түсетін мәдениетті, білімді адам болды. Онымен жүздескен кез-келген жан асқан зерек білімділігі...