Меккедегі кептеліс: 717 адам көз жұмып, 863 адам жарақат алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында кептеліс салдарынан қаза тапқан қажылық парызын өтеушілердің саны 717 адам болды. Ал жарақат алғандар саны 863 адам. Бұл туралы корольдіктің азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлады.