"Дала уәлаяты" газетінің ауыз әдебиеті үлгілері мен көтерілген мәселелері
Дала уәлаяты газетінің көтерілген мәселелері
«Дала уәлаяты» газетіндегі ауыз әдебиетінің үлгілері»
1888 жылы құрылған «Дала уәлаяты» газетінің қазақ баспасөзіндегі алар орын ерекше не дегенмен «Түркістан уәлаяты» газетінен кейінгі өзіндік тарихымен ерекшеленетін газеттердің бірі осы газет деп білеміз. Басқа газеттер секілді бұл газетте де ресми және бейресми сандары болды. Және тағы бір айта кетерлік ерекшелігі газетте көбінесе орыс ақын-жазушыларының шығармаларын аударып басып отырған. Одан бөлек газет халық ауыз әдебиеті арқылы әлеуметтік проблемалық мәселелерді көтеріп отырған. Және тағы бір айта кетерлік дүние газет бетінде «Редакцияға хат» деген арнаулы бағдарлама ашылған. Ол бағдарлама бойынша газеттің ойы екіге бөлінді біреулер арнаулы ақындардың өлеңін жинақ етіп басуды талап етті, енді...