Маңғыстаулық тігіншінің ұлттық нақыштағы киімдері шетелде де сұранысқа ие
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Қазақ мәдениетінде тігінші өнері қашан да сұранысқа ие. Қазақтың дәстүрлі бұл өнері бірте-бірте өзектілігін жоймайтын кәсіпке айналды. Бұған Бейнеу ауылының тұрғыны Жанар Меңдіқұлованың өз цехын ашып, аудан, облыс көлеміндегі тапсырыстарды ойдағыдай орындап жүргенін мысал етуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.