Күннің күрт жылынуына байланысты 5 өңірде қардың жылдам еруі күтілуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа температурасының көтерілуіне және жауын-шашынның болуына байланысты 6 наурызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында қардың қарқынды еруі болжанып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.