Балқашта су құбыры желілері алғаш рет ауқымды түрде жаңғыртылмақ
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқаштықтар Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халықпен есептік кездесуінде жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайына шағымданды. Олар шұңқырларға және қырлы тастардың сапасыз төселгеніне наразы. Бірақ жергілікті билік бәрін түзетуге уәде бере алмады, себебі қалада алғаш рет су желілерін ауқымды жаңғырту күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.