ШЫҰ Сауда-экономикалық бағдарламасын іске асыру жоспарын жаңартады - Д.Мезенцев
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Осы жылғы желтоқсанның ортасында Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Онда ұйым аясында Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асырудың жаңартылған жоспарын дайындау туралы шешім қабылданады. Бұл туралы ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцев мәлімдеді.