Мәжілісте «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің кезекті отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасы - Еуропалық одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 13-ші отырысы өтті. Қазақстан Парламентінің қос палата депутаттары мен Еуроодақ елдерінің парламенттік өкілдері қатысқан отырысқа Комитеттің тең төрағалары Ивета Григуле мен Сергей Дьяченко төрағалық етті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.