Нан таппаған, торт жесін
Бидай ұны, бидай наны – асхананың мырзасы, астың атасы саналады. Онсызда би, бек сөздері төре, мырза дегенді білдіреді. Яғни бидай атауының өзі де оның дәндердің биі екендігін көрсетіп тұрғандай. Бидай егіншілігі өлкемізде ерекше орында. Еліміз әлемде бидай экспорты бойынша алғашқы ондыққа кіреді.