Ақтөбеде полицейлер газға уланған шетелдіктерді құтқарып қалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шетелдіктер жолда қалып, олардың туыстары полициядан көмек сұрады. Көлікті «Солтүстік айналма жол» бағытынан тапқан құқық қорғаушылар екі адамның уланып қалғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.