Қызылордада еңбек форумы өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Кәсіптік білім және бизнес. Әріптестер сұхбаты» атты 6-облыстық еңбек форумында Қызылорда қаласы және облыстың барлық аудандарындағы кәсіптік білім беретін колледж ұжымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, форум барысында кәсіптік білім беру орындары тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алды. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабаралды.