Елордада мамандар балалар арасындағы жұқпалы аурулар мәселесін зерттеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі балалар инфекциялық патологиясы республикалық ғылыми конференция барысында талқыланды. Жетекші мамандар балалардағы түрлі жұқпалы патологиялардың себептерін және осы мәселелерді шешу жолдарын зерттеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.