Қарағанды облысында аулаларды су басу қаупі туралы 82 хабарлама түсті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда Қарағанды облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 82 хабарлама түсті, оның 68-і бақылаудан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.