«Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің Пақырнамасы»
Ислам діні қазақ жеріне келгелі бері дініміздің өрісі кеңейіп, келер ұрпаққа үлгі-өнеге беретін құнды дүниелеріміздің мән-мағынасы ашылып, дін арқылы көкірек көкжиегіне түзіліп, бір арнаға түсіп, өз жолымен жалғасуда. Сол арнада сопылық жергілікті халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұмыс-тіршілік ерекшелігін өзіне сіңіріп, мұсылмандыққа сай негізде қайта жаңғырды. Түркі әлеміне танымал тұлға Қожа Ахмет Ясауидің есімі әзірет сұлтан, ул-арифин, сұлтан ул-әулия т.б. құрметпен аталатыны белгілі. Бұл есімдерден тұлғаның қаншалықты сый-құрметке лайық екенін көреміз. Жалпы қазақ жеріне сопылық келгелі бері Қожа Ахмет Ясауидің қалдырған жазба мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Миратул қулуб» т.б. сияқты еңбектерінің мазмұнына терең бойлай алмаймыз, себебі белгілі дәрежелерде адами болмысымызды қалыптастырып, ішкі...