«1414» байланыс орталығы уақытша жұмыс істемейді – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Техникалық себептерге байланысты Әлеуметтік қызметтер порталының (aleumet.egov.kz) жұмысы бойынша консультациялық қызметтер көрсететін «1414» байланыс орталығының нөмірі (№5 түймені таңдау) уақытша қолжетімсіз. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.