Логоритмика мектеп жасына дейінгі балалардағы сөйлеу бұзылыстарын түзету құралы ретінде
мақалада балалардың сөйлеу кемістіктерін түзетуде логоритмиканы қолданудың тиімділігі туралы сұрақ қарастырылады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің
«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы,
5В010500 – «Дефектология» мамандығының
4 курс студенті Құдабаева Нұрсая
Аннотация: мақалада балалардың сөйлеу кемістіктерін түзетуде логоритмиканы қолданудың тиімділігі туралы сұрақ қарастырылады.
Кілт сөздер: логоритмика, сөйлеу бұзылыстары, мектеп жасына дейінгі балалар.
Мектеп жасына дейінгі жас – баланың жеке басының тұлғалық қалыптасуындағы маңызды кезең. Таза және дұрыс сөйлеуді қалыптастырмай, қарым-қатынас дағдыларын игеру және қоршаған әлеммен қатынас орнатуды үйрену мүмкін емес. Соңғы жылдары, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар санының өсуі көп байқалуда.
Логоритмика – бұл түзету, білім беру және сауықтыру мәселелерін шешуге бағытталған тапсырмалар, музыка мен қозғалысқа негізделген ойындар, сөздер мен қозғалыстар және музыкалық...