15 сәуірден бастап елордадағы велопрокат жүйесі іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 15 сәуірде «Astana Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін барлығы 1000-нан астам велосипед пен 155 велостанция қолжетімді болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.