Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты – қазақстандықтар Жапонияны жеңді
ПЬЕШТЯНИ. ҚазАқпарат - Пьештяниде (Словакия) шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының кезекті матчы өтті. Бірінші дивизионның «А» тобында Қазақстан құрамасы топта соңғы орында тұрған Жапонияның жасөспірімдер құрамасымен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.