Егеменді елімнің рәміздеріне 30 жыл!
Мақалада егеменді еліміздің рәміздері жайлы айтылмақ.
Мемлекеттік рәміздеріміз бүгінгі таңда еліміздің егемендігі мен тұғыры биік тәуелсіздігіміздің біртұтастығын бейнелейтін, халықтығымыздың берік негізі іспеттес. Тәуелсіздіктің арайлаған ақ таңы қазіргі күндегі рәміздеріміздің айқын көрінісі.
Тарих қойнауында жатқан егеменді ел, дербес тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасқан тәуелсіз, еркін ел болып, тарихи сахнадан ойып орын алу үшін талай жылдарды артқа тастадық. Тәуелсіздік Қазақстан тарихында 1992 жылы еліміз егеменді мемлекет атанып, жаңа рәміздерін бекітті. Міне,сол күннен бүгінгі күнге дейін тәуелсіздіктің құшағындағы еліміздің рәміздеріне 30 жыл толып отыр. 30 жыл зеңгір көкпен таласа желбіреген көк туымыздың астында халқымыз тату-тәтті өмір сүруде.
Мемлекеттік рәміздеріміздің қатарын - ту, елтаңба, әнұран толықтыратыны бәрімізге мәлім. Көк...