Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын!
Мақала тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің 1-ші курс студенті Балтабай Балнұр. Жетекшісі: Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева.У.М
Ел ертеңі –жастар. Алаш арыстарының бірі Мағжан Жұмабаевтың: «Көздерінде от ойнар, Мен жастарға сенемін!» деген жолдары ойыма орала берді. Иә, біздер – тәуелсіздіктің қадірін түсінетін , ата-бабаларымыздың жанымен, қанымен қорғап келген кең байтақ қазақ жерін үлкен аманаты деп білетін , Отанымыз-Қазақстанды арым да, бақытым деп есептейтін, қасиетті әнұранның әуезінде тербеліп өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Ел келешегі мен тәуелсіздік тарихын бөле-жара алмаймыз. Тәуелсіздік тарихын зерделесем, оның терең тамыры зор, сол жолда шейіт болған ел көсемдері есіме түседі. Керей-Жәнібек хан шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен күннен бастап, тәуелсіздіктің көк туы қайта желбірегенге дейінгі аралықта қазақ халқы қаншама қиындықты басынан өткізді. Елді, жерді қорғау...