Сығанақтың көне қыштарында талай ғасырдың құпиясы бар - өлкетанушы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында орналасқан Сығанақ қалашығында жергілікті археологтар мен өлкетанушы мамандар тарапынан талай құнды мәліметтерді анықтады. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі Жаңақорған ауданында тұратын тарихшы-өлкетанушы Әлімжан Ержановпен кезінде Ақорданың астанасы атанған Сығанақ шаһары жайында ой бөліскен еді.