Халық қамын ойлауда тайсалмайтын тілші қандай болу қажет?
«Ақ жол» газетінің 1925 жылғы 15-сәуірдегі санында басылған «Тілшілердің міндеті һәм мәнісі туралы» атты мақала газет тілшілерінің бірінші маслихатында жасалған баяндамасынан. Мақаланың авторы – Қошке Кемеңгерұлы. Қошке Кемеңгерұлы бұл баяндамасында «Газет ел мұңына, ел жай-күйіне араласып көрсететін айна десек, мақсатсыз айна емес. Мақсатты айна» деп айтады. Ал, енді газетке мақала жазатын, оларды баспасөзге басып шығаратын ол кім? Әрине, тілші.
Тілші - ақиқат пен өтіріктің, жаман мен жақсының ара жігін ажырата білетін, сауатты, батыр да батыл, қаламымен панасызға пана болатын, елдің мұңымен мұңдасып, жоғымен жоқтасатын ел адамы. Қоғамдағы орны ерекше тілшілердің міндеті мен мәнісін, қазақ еліне түсіндіре білген Қошке Кемеңгерұлының жазған...