Сотталған адам қайта қылмыс жасамаса - еңбегіміздің жанғаны - пробация қызметкері
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Еліміздің ер азаматтары күштік құрылымдардың түрлі салаларында тер төгіп жүр. Бірі шекара шебін күзетсе, енді бірі көшелердегі тыныштықты қамтамасыз етеді. Ал, өскемендік Сымбат Ботаев болса, тура жолдан тайып, қылмыс жасаған адамдарды бақылаумен, түзетумен айналысады. Жуырда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасарымен сұхбат құрған едік.