Әлемді өзгертер PR технологиясы
Бүгінгі таңда PR технология (толық аты Public Relations-қоғаммен байланыс) елдің экономикасын қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады.Мемлекеттің бәсекелестікке шығуы мен заман ағымына сай жаңа технологиялар бойынша дамуы маңызды.Сол себепті, PR технологиясы міндетті салалар қатарына жатқызылуда.
Біздің елімізде PR технологиясын дамыту қалай жүзеге асырылуда? Негізінен, Қазақстан Республикасына PR термині ХХ ғасырдың аяғында пайда болып,осыдан он бес жыл бұрын ұғым ретінде қалыптаса бастады.Өзге елден білікті мамандар,атап айтқанда пиарщиктер шақырылып,бұл салаға қатысты елде жиындар өткізілген болатын.Еліміздің негізгі дамушы секторлары мұнай-газ кен орындарынан түскен қаржы болғандықтан, PR технологиясын алдымен мұнай саласы мен саяси жүйемен байланыстырды.Тек осы екі саладан кейін ғана,экономикалық жүйе ретінде қарастырды.Содан бері, PR...