Жаңа медиа деген не?
Жаңа медиа түсінігі мен мысалдары
Жаңа медианың ұғымын Мичиган жоғарғы білім беру университетінің профессоры Рассел Нойман жақсы түсіндіріп,былай дейді:
"New media-цифрлық құрылғыларда әрқашан қолжетімді болатын сонымен қатар пайдаланушылардың контентті құрып,таратуында белсенді қатысуын көздейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс жасауының су жаңа жүйесі болып табылады".
Компьютерлік,сандық технологиялар мен желілік тілдесулерді ұғындыратын жаңа медиа термин. Олардың бұқаралылығы және қол жетімділігі қоғамды компьютерлендірумен және кейінгі цифрлық сауаттылықпен тығыз байланыста.Технологияның қарқынды дамуымен,ғаламтордың пайда болуымен медианың жылдам өзгеруі байқалады.Осы сияқты өзгерістердің нәтижесі конвергентті журналистикаға,конвергентті редакцияларға әкеп соқтырды. Дәстүрлі БАҚ мультимедиаға айналады және өз ісінің барысында түрлі заманауи технологияларды қолданады: сандық кескіндерді өңдеу, әлеуметтік медиа, мессенджерлердегі арналар,ғаламтордағы тікелей эфирлер,лонгридтер,мобильді қосымшалар және басқалар....