16 мамыр күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 мамырда солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Тек елдің оңтүстігі мен орталығында антициклон жотасы ашық ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста, шығыста тұман сақталады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.