Қазақстанның басым аумағында құбылмалы күн райы сақталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 мамыр күні Қазақстанның басым аумағында құбылмалы күн райы сақталып, найзағай, жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – дауыл, бұршақ, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында – шаңды дауыл, солтүстікте – тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.