Қарағанды облысында екі ардагер ұстазға миллион теңгенің сертификаты табысталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы кеншілердің Мәдениет сарайында облыс әкімінің Мұғалімдер күніне орай білім беру саласындағы жыл сайынғы сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.