Ә. Жақсыбеков «Астана» велокомандасымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев және «Астана» велокомандасының өкілдері - олимпиада чемпионы, бас менеджер Александр Винокуров, велоспортшылар Фабио Ару мен Андрей Зейцпен кездесті, деп хабарлады astana.gov.kz.