Оқушылардың шығырмышылық қабілеттерін арттыру жолдары
Бүгінгі жас ұрпаққа жан – жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы да сол кезден басталады. Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс – әрекеті ақыл ойға, әрі алған білімді басқа іс – әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.