Орынбордан Ақтөбеге көшіп келген зейнеткер ұлттық өнерді жаңғыртты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында тұратын Рабиға Испулатова қазір ілмек пен жіпті пайдаланып, түрлі бұйым тоқып жүр. Қария осыдан 10 жыл бұрын әкесінің кіндік қаны тамған өлкеге оралып, қоныстанған. Қолөнерде білген, көргенін қазір оқушыларға үйретеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.