Ресейде бір тәулікте 40 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны 39 669 адамға жетті, 64 адам ковидтан көз жұмған. Бұл туралы инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агеттігіне сілтеме жасап.