«Ұлы Дала елі»: Қазақтың хандары да, батырлары да мықты болған - Ғ.Қапақов
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ұлы дала төрінде ат ойнатқан қазақтың хандары да, батырлары да мықты болған. Оған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы кезінде тағы бір көз жеткіздік. Бұл туралы Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов мәлім етті.