Биыл БҚО-да 4170 бас малдан бруцеллез анықталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Биылғы 8 айда Батыс Қазақстан облысында 3 582 бас ірі қара мен 588 бас ұсақ малдан бруцеллез анықталған. Бүгінде олардың басым бөлігі союға жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.