Сарыарқа даласынан табылған сақтардың ежелгі саймандарын ресейлік ғалым зерттеп жатыр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Самарадан келген маман, тарих ғылымдарының кандидаты Игорь Горащук сақ тайпаларының егіншілікпен айналысқанын және тас құралдарды қалай пайдаланғаны жайлы өз нұсқасын жариялады. Ол Орталық Қазақстанда археологтар тапқан артефактілерді зерттеу үшін Қарағандыға арнайы келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.