Қазақстандық ғалымдар Үндістан архивтерінде жұмыс жүргізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Үндістанның Мәдениет министрі Меенакши Лекхи мәдени алмасу бағдарламасына қол қойған болатын. Осы Келісім аясында еліміздің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Үндістанның архивтері мен кітапханаларында ғылыми жұмыс жүргізу мүмкіндігіне ие болды.