19 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел бойынша екпінді жел, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.