Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков туындыларын Франция тұрғындарына ұсынды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Францияда қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтың көрмелері өтуде. Ол француз жұртшылығына ядролық қаруға қарсы тақырыптағы 17 картинасын және Қазақстанның пейзаждарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.